Бұл туралы АҒР хабарлады.
Алаңға жиналғандардың арасында бұрынғы кеншілер, солшылдар қозғалыстарының белсенділері және студенттер. Қатысушылар «темір ханымның» қуыршағын жасап, ара-тұра экс-премьердің өлімінен кейін танымал болып кеткен «Оз елінің сиқыршысы» фильміндегі «Динь-дон, жалмауыз өлді» әнін шырқауда. Лондон полициясы жоғары дайындық күйіне келтірілді. Трафальгар алаңына құқық сақшыларының күшейтілген жасақтары тартылды.
Еске салайық, «темір ханым» Маргарет Тэтчер 87 жасында 2013 жылдың 8 сәуірі күні көз жұмды. Ол Ұлыбритания үкіметінің басшысы лауазымында 1979-1990 жылдар аралығында болды.