Оларды эвакуациялауда француз құтқарушыларына итальяндық әріптестері көмекке келді.
Оқиға Эгюий дю Миди мен Пуант-Эльброннер арасындағы Panoramic Mont Blanc арқан жолында болған. Техникалық себептерге байланысты арқан жолдың қозғалысы кілт тоқтады, деп жазды Lenta.ru.
Адамдарды эвакуациялауға француздық құтқарушылар жұмылдырылды. 65 адам тікұшақпен шығарылды.
Сонымен бірге, авиациялық қауіпсіздікке байланысты құтқару операциясы таңға қалдырылды.