Жүзден астам автомобильдердің соқтығысуынан он адам мерт болды
17:08, 28 Желтоқсан 2009
АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат - Қытай Халық Республикасының шығысында кемі 100 автомобильдің қатысуымен болған көптеген жол соқтығысы салдарынан 10 адам опат болды, тағы 19-ы жарақаттанды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
Көптеген апаттар жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де Цзянси провинциясындағы Цзюцзян және Цзиндэчжэнь қалаларын жалғастыратын Цзю-Цзин автомагистралінің бөлігі болып табылатын Поян көлінің үстінен өтетін автомобиль көпірінде болды. Жол-көлік оқиғасына көпірдегі көктайғақ және тұманнан көру қашықтығының нашарлауы себепші болған.
Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде. Құрбан болғандар мен жарақтанғандардың саны нақтылануда.