Жүзден астам тасбақа мен кесірткені Мәскеуге өткізбек болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудегі Домодедово әуежайында бейсенбіге қараған түні жүк ұсталды. Онда жүзден астам тасбақа мен кесірткені заңсыз Мәскеуге өткізбек болған.

Бұл туралы ТАСС елордалық табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

"23 наурыздан 24 наурызға қараған түні Домодедово әуежайында жүк ұсталды. Онда жүзден астам тасбақа мен кесірткені заңсыз өткізбек болған. Жануарлар тәркіленіп департаменттің уақытша ұстау орталығына жөнелтілді", - деп атап өтті агенттіктің әңгімешісі.

Жануарларды қайдан тасымалдағаны айтылмады. Сондай-ақ мамандар оның түрлерін, Қызыл кітапқа енгізілгенін не енгізілмегенін, халықаралық конвенциялар бойынша қорғала ма жоқ па - соны анықтайды.