Жүзгіш Майкл Фелпс 19-шы медалін алып, Лариса Латынованың рекордын жаңартты

None
АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Танымал американдық жүзгіш Майкл Фелпс 19-шы медалін алып, кеңес гимнасшысы Лариса Латынованың рекордынан асты.

Соңғы алтын медалін эстафета құрамында 4х200 метр қашықтыққа еркін әдіспен жүзуде еншіледі. АҚШ-тың құрама командасы 6 минут 59,70 секундты көрсетті.

Бұған дейін ол сейсенбі күні оңтүстікафрикалық Чад Ле Клоға есесін жіберіп, баттерфляймен 200 метр қашықтықта «күміс» олжалаған болатын. Сондай-ақ Лондон-2012 ойындарында еркін әдіспен 4х100 метр қашықтыққа жүзуде тағы бір күміс медаль алды.

Қазіргі уақытта американдықтың жеке қоржынында - 15 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль бар.