Жүзуден Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы 16 медаль еншіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Таиландтың Бангкок қаласында өткен жас санатындағы жүзуден Азия чемпионатының қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Жарыстың соңғы күнінде Анатолий Руденконың құрметіне Қазақстанның әнұраны шырқалды. Ол 50 метрге брасс әдісімен жүзуде алтын медаль жеңіп алды.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Сондай-ақ Александр Мироничев 50 метрге еркін стильде жүзуден күміс жүлдеге ие болса, Данил Чужинов 400 метрге кешенді жүзуде қола медаль еншіледі. 

Бұдан бөлек, Қазақстан құрамасы өте жоғары бәсекеде өткен аралас эстафетада (микст) күміс жүлдені жеңіп алды.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Жалпы, Қазақстан жүзушілері Азия чемпионатын 16 медальмен аяқтады. Оның ішінде 6 алтын, 7 күміс және 3 қола жүлде бар.

Бұған дейін Виктор Друзин Канададағы көркем жүзуден суперфиналда екінші жүлдесіне қол жеткізгенін жаздық.