ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, бүгін 200 метрге брасс әдісімен жүзуден Диана Злобина алтын жүлдегер атанды. Ол іріктеу кезеңін төртінші орынмен аяқтап, финалға өткен болатын.
Бұл, Диананың турнирдегі екінші «алтыны». Кеше қазақстандық спортшы 400 метрге кешенді әдіспен жүзуден жеңімпаз атанған еді.