Жүзуден ҚР құрамасы Азия ойындарына дайындықты бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Суға жүзуден Қазақстан құрамасы Азия ойындарына дайындықты бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті таратқан мәліметтерге сүйенсек, отандастарымыз Түркияның Белек қаласында орналасқан «Gloria Sport Arena» спорт орталығында жаттығуды бастап кеткен. Олардың қатарында Рио-де Жанейро Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин де бар. Сонымен қатар оқу-жаттығу жиынына ерлерден Әділ Қасқабай, Әділбек Мусин, Айбек Қамзенов, Александр Шатских шақыртылса, әйелдерден Диана Назарова мен Анастасия Резванцева қатысып жатыр.

Айта кетейік, қазақстандық жүзушілер үшін биылғы маусымдағы ең басты жарыс - Азия ойындары мен жастар арасындағы Олимпиада ойындары.