Жүзуші Әділбек Мусин Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
03:43, 02 Қазан 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық жүзуші Әділбек Мусин Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.
– Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде алтын медаль иеленіп, 23.74 нәтижесімен мәреге жетті. Шешуші жарыста тағы бір отандасымыз Максим Сказобцов (23.90) үшінші орынға табан тіреді, – делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
Осы бағдарлама бойынша әйелдер арасында өткен жарыста София Әбубәкірова екінші нәтиже көрсетсе, Софья Сподаренко мәре сызығын үшінші болып кесті.
Айта кетейік, бұған дейін Сингапурде өткен пара жүзуден әлем чемпионатында қазақстандық Нұрдәулет Жұмағали күміс жүлде иеленген болатын.