Жыл аяғына дейін 3 мың отбасы баспаналы болады - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада қазір 30 тұрғын үйдің іргетасы қаланып, құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Нысандардың басым бөлігі мемлекет пен жекеменшік әріптестік негізінде салынуда, - деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Жалпы биыл қалада 60 көпқабатты үй бой қөтеріп, пәтер кезегінде тұрған 3 мыңнан аса отбасы баспанаға қол жеткізбек. Өткен жылы 53 көпқабатты тұрғын үй салынып, 2684 отбасы қоныс тойын тойлаған болатын.