Жыл аяғына дейін Астанада 10 балабақша пайдалануға беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың аяғына дейін елордада 240 орындық 10 балабақшаны пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлады Астана қалалық Білім басқармасы.

Балабақшалар келесі мекен-жайлар бойынша орналасады: - Айнакөл мен Мирзоян көшелерінің қиылысында 240 орындық балабақша; - Сауран мен № 24 көшенің қиылысындағы 240 орындық балабақша; - Түркістан-Орынбор - №25, №26 көшелерінің қиылысындағы 200 орындық балабақша; - Сығанақ көшесінің оңтүстігінде 240 орындық №1 балабақша; - Сығанақ көшесінің оңтүстігінде 240 орындық № 2 балабақша; - Комсомол кентіндегі Қыз Жібек көшесі мен Ұлпан қысқа көшелерінің қиылысындағы 280 орындық балабақша; - Комсомол кентіндегі Қыз Жібек көшесі мен Баян Сұлу көшелерінің қиылысындағы 280 орындық балабақша; - №23 көшенің аумағында 240 орындық балабақша (Орынбор мен №36 көшенің арасында); - Үркер шағын ауданындағы 240 орындық балабақша; - Көктал-2 кентіндегі 240 орындық санаториялық балабақша. Сонымен қатар №4 «Аружан» балабақшасына 60 орындық жапсаржай пайдалануға берілмек, деп хабарлайды astana.gov.kz.