Жыл басынан 3 мыңнан астам елордалық дәрігер шетелде біліктілігін арттырды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан 3 мыңнан астам елордалық дәрігер шетелде біліктілігін арттырды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Басқарма мәліметтеріне қарағанда, 2017 жылдан бастап олар Назарбаев Университетімен, «Болашақ»халықаралық бағдарламалар орталығымен, Алматы Менеджмент университетімен,Астана медициналық университетімен және басқа да жетекші медициналық жәнешетелдік университеттермен мамандардың біліктілігін арттыру мақсатындаынтымақтастық орнатқан.

Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасыбасшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемованың айтуынша, елордада 2016-2019 жылдардықамтитын үш деңгейлі жүйе бойынша 18 213 медицина қызметкері оқытылды. 2019 жыларалығында 3 452 адам (оның 40-ы шетелде) онкология, акушерия және гинекология,анестезиология және қарқынды терапия, травматология, нейрохирургия,оториноларингология, хирургия бойынша Швейцария, Германия, Оңтүстік Корея жәнеИзраильдің жетекші клиникаларында біліктілігін арттырды.

Бүгінгі таңда денсаулықсақтауды цифрландыру отандық медицинаны дамытудың маңызды бағыттарының біріболып табылады.

«IT-медицина саласындакөп жұмыс жасалды, енді елордада дәрігермен мобильді қосымша арқылы немесе «ikomek109» байланыс орталығы арқылы жазыла аласыз, сонымен қатар барлық медициналықұйымдарда 1 миллионнан астам медициналық құжаттар цифрландырылды, атқарылғанжұмыстардың арқасында әр тұрғынға электронды төлқұжат жасалды. Енді Сіздіңденсаулығыңыздың көрсеткіштерін бақылауға, жеке денсаулығыңыз туралы жазбаарқылы мамандармен байланысуға болады», - дейді Әлия Рүстемова.

Рның айтуынша, еліміздетұңғыш рет Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Адалдық алаңы» жобасымен бірлесіпмедициналық анықтамалар мен медициналық кітаптар шығарудың заңдылығын тексеретінақпараттық қызмет іске қосылды. Енді оныSmart Astana мобильді қосымшасына ЖСН деректерін енгізу арқылы қажеттімәліметтерді тексеруге болады және бұл шаралар жалған медициналық құжаттардыңтаралуына жол бермейді.



Соңғы жаңалықтар