Жыл басынан Атырау кеденшілері 22 заң бұзушылықты анықтап, 72 млн. теңгеден астам айыппұл өндірді

АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат -  Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті Пост-кедендік бақылау басқармасымен 2012 жылдың қаңтар-ақпан айларында сыртқы экономикалық қатынасқа қатысушыларға қатысты кедендік тексеру жүргізілді.

Нәтижесінде 70 млн. 752 мың 829 теңге кедендік төлемдер мен салықтар қосымша есептеліп, 124 млн. 405 мың 676 теңге өндірілді. Сонымен қатар, 2012 жылдың қаңтар - ақпан айларында Пост-кедендік бақылау нәтижесінде 22 кеден ісі заңдылығын бұзу фактілері анықталды. Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша 72 млн.  810 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл өндірілді. Бұл туралы облыстық Пост-кедендік бақылау басқармасынан хабарланды.

«Атап айтқанда, 2012 жылы Атырау өңіріндегі ірі кәсіпорындар болып табылатын 2 мекемеге кедендік тексерістер жүргізілді. Оның  қортындысы бойынша 64 690 764 теңге бюджетке өндірілген.

«Қазақстан Республикасының кеден органдарының негізгі құрылымдық саласы ретінде пост-кедендік бақылаудың мақсаты -  негізгі кедендік ресімдеуден кейінгі орын алатын құқық бұзушылықтарды анықтау болып табылады. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың орын алу себебін анықтап, оны тексерілетін тұлғаға түсіндіру, алдағы уақытта сол тектес құқық бұзушылықтардың қайталанбауы бағытында шаралар қабылдау да маңызды. Осы негізінде бюджетке есептелетін кедендік төлемдер мен салықтардың толықтай өз уақытында өндірілуі қамтамасыз етіледі», - дейді Атырау облысы бойынша КБД Пост-кедендік бақылау басқармасының  бастығы М. Ақұлов.