«Жыл басынан бергі жалпы инфляция деңгейі 4,4 пайызды құрады. Экономиканың нақты секторының өсуі көрінісінде екінші деңгейлі банктерде депозит базасы кеңейді, сондай-ақ экономиканы несиелеу көлемінің баяулап қалпына келуі басталды», - деді бүгін жартыжылдықтың қорытындысына арналған Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова.
10:28, 27 Шілде 2010
Жыл басынан бергі жалпы инфляция деңгейі 4,4 пайызды құрады
АСТАНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы жылдың басынан бері инфляция деңгейінің төмендеу үдерісі байқалуда. Егер инфляция қаңтар айында 1,4 пайызды құраса, шілдеде 0,2 пайызға дейін төмендеді.