«Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, жыл басныан бері елімізге шамамен 4,5 млн шетелдік кіріп, 4,3 миллиондай адам шыққан. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 15 мың шетелдік азамат әкімшілік жауапқа тартылған. Оның ішінде 1600 шетелдік елден шығарылған», - деп жазылған жауапта.
Сондай-ақ, көші-қон заңнамасын бұжған 6,7 мың қазақстандық пен 700-дей отандық жұмыс беруші әкімшілік жаза арқалаған.
«Оқу-ағарту министрлінің дерегі бойынша, кейінгі 5 жылда 730 мың оқушы 11 сыныпты тәмамдаған. Олардың 475 мыңы Қазақстанның жоғары оқу орындарына түссе, 37 мыңдайы шетелдік жоғары оқу орындарын таңдаған», - деп жазады Әлихан Смайылов.