Жыл басынан бері 2000-ға жуық маңғыстаулыққа зейнетақы тағайындалды

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері 2 мыңға жуық маңғыстаулыққа базалық зейнетақы тағайындалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Маңғыстау облысы бойынша филиалының мәліметінше, жасына байланысты зейнетақы төлемдері 1674 азаматқа рәсімделген. Жалпы бүгінгі таңда Маңғыстау облысы бойынша 52844 зейнеткер бар.

«Біз зейнеткерлікке шығу рәсімін барынша жеңілдетуге тырысып жатырмыз. Бір жыл бұрын зейнеткерлікке бір өтінішпен шығуға мүмкіндік беретін композит қызметін енгіздік. Биыл ХҚО-ға бармай-ақ, смс-хабарлама арқылы зейнеткерлікті рәсімдеуге мүмкіндік беретін проактив қызметін іске қостық. Цифрлық жаңашылдықтар, осылайша, құрметті демалысқа артық қағазбастылықсыз шығуға жол ашады», – дейді филиал директоры Ербол Байжігіт.

Айта кетейік, зейнеткерлік жасқа жетуіне, базалық зейнетақының төленуі мен мемлекеттік кепіл төлем жасау туралы, сондай-ақ БЖЗҚ-ға төлемдерді төлеу сияқты төрт өтініштің орнына бір ғана өтініш өткізуге мүмкіндік беретін композит қызметі 2018 жылдың қазан айында енгізілді.

Соңғы жаңалықтар