Жыл басынан бері 31 мыңнан астам құқықбұзушы жауапкершілікке тартылды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көліктегі полиция департаменті мен оның желілік бөліністерінің қызметкерлері кез келген құқық бұзушылыққа төзбеушілік қағидаты бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімшілікполициясы басқармасының мәліметі бойынша, ағымдағы жыл басынан бері 31233 құқықбұзушыәкімшілік жауапкершілікке тартылды. 400-ден аса адам әкімшілік қамауға алынып,59 млн жуық теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, құқықбұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидаты бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп,соның нәтижесінде, жалпы пайдалану орындарын ластау бойынша 411, қоғамдықорындарда алкогольдік ішімдіктерді пайдаланып, масаң күйде болғаны үшін 3788, тыйымсалынған орындарда темекі шеккені үшін 2137, белгіленбеген орындарда саудажасағаны үшін 2013, тәуліктің түнгі уақыттарында балалардың үлкендердің ілесіпжүруінсіз 274, белгіленбеген жерлерде темір жол өткелдері үшін 15113 құқықбұзушы және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 910 адам әкімшілік жауапкершіліккетартылды.

Қоғамдықорындарда тиісу бойынша 1461 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 222-сітакси жүргізушісі.

Қабылдап-таратуорындарына тұрғылықты мекен-жайы жоқ 149 адам орналастырылып, 420 адам медициналық айықтырғышқа жіберілді.

Еліміздің әуежәне темір жол көлігі нысандарынан қаңғыбастық және қайыршылық жасаған кәмелеткетолмаған 100 жасөспірім бейімдеу орталықтарына жеткізіліп, орналастырылды.

Жыл басынанбері көлік полицейлері 14176 рет жолаушылар пойыздарына ілесіп жүрді.

Бұған қоса,полицейлер 349 бірлескен алдын алу іс-шараларын, 442 халықпен жиындар, 606жолаушылар пойыздарында кездесулер және оқу орындарында 1060 дәріс өткізді.