«Жыл басынан бері халыққа қызмет көрсету орталықтарына 320 мыңнан шетелдіктен ЖСН алуға өтініш түскен. Оның ішінде 97 мың өтінімді Ресей азаматтары түсірген», - деді Сүйеніш Әбділдин.
Оның айтуынша, кешегі бір күннің ішіне ғана осы мәндегі 13 мың өтініш қабылданған.
«Кеше ғана біз осындай 13 мыңнан астам өтінімді қабылдадық. Бірақ Қазақстан азаматтарына басымдық беріліп жатыр. Ол бойынша бірыңғай түсіністік бар екенін атап өткім келеді. Барлық ХҚКО-лар штаттық режимде жұмыс істейді. Халықтың нөпірін көргеннен кейін біз қосымша шетелден келіп жатқан азаматтарға күшейтілген тәртіпте қызмет көрсететін 8 ХҚКО-ны бөлдік», - деді акционерлік қоғам басшысы.