Жыл басынан бері 4 мың сыған еріксіз Франциядан кетуге мәжбүр болды

ПАРИЖ. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері 4 мың сыған еріксіз Франциядан көшіп кеткен.

Адам құқығын қорғау бойынша Еуропалық қауымдастыққа сілтеме жасаған Radio France Internationaleнің хабарлауынша, олардың лагерлеріне от қойылып, уақытша баспаналарына шабуыл жасалған. Салдарынан 1 мыңға жуық сыған қоныс аударуға мәжбүр болған.

Қазіргі уақытта Францияда Болгар әрі Румын елдерінен шыққан шамамен 20 мың сыған тіршілік етуде.