Баспасөз қызметінің хабарлауынша, мас жүргізушілердің бірін 18 ақпан күні ұстады.
Сағат 03:10 шамасында Көкшетау қаласының орталық көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері «Ауди 100» автокөлігін тоқтатты, оның жүргізушісі мас күйінде рульге отырғаны анықталды.
«Белгілі болғандай, 25 жастағы жүргізушінің досымен бірге Тараз қаласынан Ақмола облысына қызметтік іссапармен келген. Көлікті тоқтатқан кезде, жүргізушімен бірге салонда досы да болған. Олар Көкшетаудағы ойын-сауық орындарының бірінде болған, алкоголь ішімдік ішіп, кейін рульге отырған», - деді ведомстводан.
Қазірге кезде, көлік жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 68-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Аталмыш санкцияға байланысты ер адам 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады.
Айта кетсек, Ақмола облысында жол апатынан Қырғызстан азаматы көз жұмды.