«2016 жылдың басынан бері Алматы қаласында 382 өрт шықты, оның 207-і жеке тұрғын үйде болды. Бұл жалпы көрсеткіштің 53 пайызы. Аталған мерзімде тұрғын үйлерде шыққан өрттен 10 адам қаза тауып, 34 адам зардап шекті. Тілсіз жаудың тұтануына негізгі себептердің бірі - өрт қауіпсіздігінің сақталмауы. 53 жағдайда аталған факт себеп болса, 16 өрт ошағында әдейі өртеу белгісі анықталды. 4 рет балалардың кесірінен тұрғын үйде өрт шықты», - деді М.Бекбаев.
Сонымен қатар, М. Бекбаев 2015-2016 жылу беру маусымына дайындық барысында 130 514 тұрғын үй тексеріліп, жалпы 15 мың адам қатысқан 215 кездесу өткізілгенін айтты.
«Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар тұрып жатқан үйлер бойынша 50 рейд жүргізіліп, 70 адамның тұрақты мекен жайсыз өмір сүріп жатқаны анықталды. Сонымен қатар, аталған шара барысында тағы қосымша 60 жағдайы төмен отбасы белгілі болды»,- деді ол.
Айта кетейік, Алматы ТЖД жеке тұрғын үй секторында тұратын қала тұрғындарын қысқы жылыту маусымы алдында пештерін тексеріп, тазартып қоюға кеңес берді.