Жеке құрылыс салушылар жалпы ауданы 86 505 шаршы метр тұрғын үй салған. Жалпы, тапсырылған тұрғын үйлердегі жеке тұрғын үй құрылысының үлесі 9%, 2015 жылғы қаңтар-мамырда бұл көрсеткіш 3,2% болған.
Сонымен қатар, 2016 жылғы қаңтар-мамырда тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 53254,8 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 12,3% артық. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі 25,1%-ды құрады.