Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 1,6 есе артық. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің таратқан мәліметінде көрсетілген, деп хабарайды ҚазАқпарат.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2009 жылдың қорытындысы бойынша елордада 1 млн. 250 мың шаршыметрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. «Тамыздың 27-сіндегі жағдай бойынша Астана қаласында жалпы ауданы 3 млн. шаршыметрден астам 150-ден астам көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл нысандардың 99-ы үлескерлердің қатысуымен салынуда. Қалғандары 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік бюджет есебінен салынуда. Тағы 10 нысан ведомстволық болып табылады», делінген баспасөз қызметінің мәліметінде.