Жыл басынан бері Астанада бала туу көрсеткіші 4%-ға артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайын Астана қаласында бала туу көрсеткіші ұлғайып келеді. Қалада үш перинаталдық орталық жұмыс істейді, онда айына 2400 сәби дүниеге келеді. Ағымдағы жылдың басынан бері қала халқының жалпы тууы 4%-ға өсті, туу көрсеткіші 1000 адамға 29,78 -ді құрады. Бұл туралы елорда әкімінің ресми сайтынан хабарлады.

Орта есеппен алғанда тәулігіне 67-69 сәби дүниеге келеді, жаңа туылған сәбилердің 85%-ы ауруды ерте анықтау неонаталды скринингінен өтеді.

Ана мен сәби өлімін азайту бойынша жағымды динамика байқалады. Демографиялық жағдайды жақсарту, ана мен бала өлімін азайту үшін Астана қаласы Педиатрия қызметінің тұжырымдамасы әзірленді, ол - неонтология мен педиатриядағы жаңа бағыттарды дамытуға, мамандарға тәлімгерлік пен шеберлік сыныптары үздіксіз білім беру, стационарлар мен емханалар арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған жұмыс.

Пилоттық жоба аясында 2002 жылдан бері № 1 перинаталдық орталық негізінде Нәрестелер хирургиясы орталығы ашылды, онда туа біткен жүрек ақауы бар балаларға көмек көрсетіледі. Дәрігерлердің жұмысы кішкентай науқастарды тасымалдауға байланысты туындауы мүмкін асқыну жағдайларын мейлінше азайтуға келіп тіреледі, ол көбінесе әрі қарай емдеу нәтижесі мен оның әбден жазылып кетуінде маңызды рөл атқарады. Бөлім хирургтері дене салмағы мейлінше аз 999 грамға дейінгі сәбилерге бірегей операциялар жасайды.

Бөлімдегі операция жасалған науқастардың салмағы ең төмені - 440 грамм. Қазір Астанада Орталық негізінде туа біткен өңеш ақауына, туа біткен асқазан-ішек жолы ақауына, сондай-ақ туа біткен жақ бөлігіндегі ақауларға операциялар жасайды. Сөйтіп аталған Орталық жұмыс істеп жатқан 3 жыл ішінде 440-тан аса сәбиді құтқарды.