Жыл басынан бері Астанада заңсыз айналымнан 46 келі 274 грамм есірткі алынды - ІІД

АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Жыл басынан бері елордада заңсыз айналымнан 46 келі 274 грамм есірткі алынды.

Бұл туралы бүгін Астана қаласының ІІД-де өткен брифингте Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Аясын Байділдаев мәлім етті.

Оның атап көрсеткеніндей, 2011 жылы есірткіге қатысты 28 қылмыстық іс қозғалған. Оның 12 ісі нашаны сатумен айналысқан тұлғаларға қатысты көтерілген. Сонымен қатар биыл бір есірткі притонының қызметі әшкереленді.