Жыл басынан бері астаналықтар саны 5388 адамға артты

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Үш айда Астана қаласы тұрғындарының саны 5000-нан астам адамға өсіп отыр. Бұл туралы қалалық Статистика департаментінен мәлім етті, деп жазады astana.kz.

Астана қаласы тұрғындарының саны 2013 жылдың 1 наурызында ағымдағы есеп бойынша 783471 адам болды. Соның ішінде Алматы ауданы бойынша - 363721 (46,4%), Есіл ауданында -104267 (13,3%), Сарыарқа ауданында - 315483 (40,3%) адам.

«2013 жылдың басымен салыстырғанда Астана қаласы тұрғындарының саны 5388 адамға артқан. Соның ішінде Алматы ауданында -146, Есіл ауданында -1550 адамға, Сарыарқа ауданында - 3692 адамға өскен»,- делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ведомство 2013 жылдың қаңтар-ақпан айларында халықтың табиғи өсімі - 2869 адам, көші-қон арқылы - 2519 адамға өсім болғанын да атап көрсетеді.