«Қызылшаға шалдыққан 764 адамның ішінде 14 жасқа толмаған 557 бала болған. Олардың арасында бір жасқа толмаған 150 бүлдіршін бары анықталды», - деп хабарлады Атырау облыстық сапаны бақылау және тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі департаменті басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиев.
Індеттің асқынуына байланысты балаларға 9 айға толған сәттен бастап екпе егу туралы шешім қабылданды. Бұдан бұрын бір жасқа толған сәттен бастап егілетін еді.15:30, 13 Қыркүйек 2019
Жыл басынан бері Атырау облысында 764 адам қызылша жұқтырған
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері Атырау облысында 764 адам қызылшамен ауырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.