ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, жыл басынан бері еліміздің әуежайлары 7,6 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен.
Бұдан бөлек, Астана әуежайының жолаушылар терминалын қайта жаңғырту жобасы жүзеге асуда. Ал, Петропавл қаласында әуежайдың вокзалы мен ұшу-қону жолақтары қайта жаңғыртылуда.
«Сонымен қатар, 2017 жылдың басына қарай Семей әуежайындағы ұшу-қону жолақтарын жаңғырту жұмыстары жоспарланып отыр», - деді министр.