Жыл басынан бері елімізге 8 мыңға тарта оралман келді

None
АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Жыл басынан бері елімізге 8 мыңға тарта оралман келді.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Халықтың көші-қоны туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлім болды.

«Жалпы, ағымдағы жылға оралмандар үшін 6,8 млрд. теңге қарастырылып отыр. Бұл қаражат өтемақы төлемдеріне, көшіріп әкелу шығындарына жұмсалатын болады. Оралман мәртебесіне қатысты барлық құжаттар, бұндай өтемақы тағайындауға орай құжаттарды ІІМ Көші-қон комитеті ұйымдастырады. Алайда, төлемдерді ұйымдастыру біздің министрлік арқылы жүргізіледі. Бүгінгі күні бірінші тоқсан бойынша ІІМ тапсырысына сәйкес, 550 млн. теңге төледік», - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г. Әбдіқалықова депутаттардың сауалына жауап бере келе.

Ал ІІМ орынбасары Александр Кулиничтің сөзіне қарағанда, жыл басынан бері 8 мыңға тарта оралман елге келген.