Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының Статистика департаментінен хабарлады.
Таратылған мәліметтерге сәйкес, елорда халқының саны ішкі (9004 адам) және сыртқы (428 адам) көші-қонның есебінен артып отыр. Бұл ретте қалаға негізінен Ақмола, Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарынан қоныс аударады. Шетелдік азаматтарға тоқталсақ, Астанаға тұрақты тұру үшін Өзбекстан мен Қытай азаматтары жиі келеді. Екінші орында Қырғызстан және Моңғолия, содан кейін Түркия, Ресей және Әзербайжан елдері. Ал Түркіменстан, Украина және Тәжікстаннан келетіндер саны аз. Астанаға келгендердің басым бөлігі жұмысқа орналасуды немесе жеке ісін ашуды көздейді.