Елорданың ресми сайтының жазуынша, қаржыландырудың барлық көздері бойынша, пайдалануға 12 181 пәтер берілді. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы көлемі 1 189 713 шаршы метр. Жеке үй салушылар жалпы көлемі 45 174 шаршы метр үй тұрғызды.
Тұрғын үй құрылысының 1 шаршы метрінің орташа нақты бағасы 2012 жылдың қаңтар-қараша айларында 92,2 мың теңгені құрады (2011 жылы ол - 89,7 мың теңге), ал тұрғын үй құрылысы пайдалы алаңының 1 шаршы метрінің орташа нақты бағасы 125,8 мың теңге (2011 жылы ол - 118,2 мың теңге), соның ішінде жекеменшік үй салушыларда - 44,2 мың теңге болды.