Жыл басынан бері инфлияция 100,7 пайызды құрады - АШМ

АСТАНА. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері инфлияция 100,7 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында азық-түлік тауарларының бағасы туралы баяндама жасаған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман мәлім етті.

«Статистка агенттігінің мәліметтері бойынша жыл басынан бері инфлияция 100,7 пайызды, оның ішінде ақпан айында 100,4 пайызды құрады. Жыл басынан азық-түлік бағасы 1,2, ал ақпанда 0,6 пайызға өсті», - деді ол.

Оның айтуынша, жыл басынан ет және ет өнімдерінің бағасы 3, сүт өнімдері 0,8, қияр 10,7, қызанақ 11,9 пайызға қымбаттаған. Ал жармалар бағасы 7,5, пияз 2,2, май және сары май 2,1, сәбіз 0,8, картоп 0,6 пайызға төмендеген.

«Ағымдағы жылы соңғы 5 жылда алғаш рет картоп, пияз, сәбіз, қызылша бағасы қыс маусымында тұрақты болды. Баға көтерілген жоқ, қайта біршама төмендеу байқалды. Бұл ретте айта кетерлігі, Өңірлік тұрақтандыру қорларына салынған тауарлардың бағасының төмендеу байқалғандығын атап өткен орынды», - деді Е.Аман.