«KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 157,7 трлн теңгені құрап, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,2 %-ға немесе 20,8 трлн теңгеге өсті. Индексінің мәні 10,9 %-ға 3 604,75 тармаққа дейін өсті»,- деп хабарлады Қазақстан қор биржасынан.
Қор биржасының мәліметінше, сауда-саттықтың ең көп көлемі «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жай акцияларына тиесілі болды – 98,3 млрд теңге (индекстік акциялармен сауда-саттықтың жалпы көлемінің 79,8 %).
2023 жылдың 1 шілдесіне KASE индексін есептеу үшін өкілдік тізім тоғыз атаудағы акциялардан тұрады, 3 ақпаннан бастап KASE индексінің есебіне «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жай акциялары енгізілді.
Батыс қор алаңдары 2023 жылдың бірінші жартыжылдығын талдаушылардың көпшілік болжамдарына қарамастан айтарлықтай өсіммен аяқтады: SP 500 16,36 %, Nasdaq – 32,74 %, ал Dow Jones – 3,84 % өсті.
«Қор нарығының өсу үрдісі бастапқыда IT секторы компанияларының акциялары есебінен қалыптасты, бірақ екінші тоқсанда өсу басқа секторларға таралды және жартыжылдық қорытындысы бойынша жасыл аймақта экономиканың 11 секторының жетеуі жабылды. Маусым айының қорытындысы бойынша экономиканың барлық секторларында өсім байқалды»,- деп хабарлады қор биражасынан.
KASE-де индекстік себеттің тоғыз өкілінің сегізі жасыл аймақта жабылды.
Бұл ретте қазақстандық нарықта – әлемдік трендтермен салыстырғанда – қаржы секторының акциялары өсу көшбасшыларына айналды.
«Қазақстан халық жинақ банкі» АҚ жай акциялары бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша акционерлерге құн өсімінің 29,7 %, сондай-ақ 15,5 % мөлшерінде дивидендтік кірістілікті әкелді.
Құны 14,8 %, сондай-ақ дивиденд кірістілігі 4,6 % өсімімен екінші орында «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары тұр.
Kaspi.kz көшбасшыларының үштігін жабады, оның жай акциялары жарты жылда 12,7 %-ға өсіп, 2022 жылдың ақпанның деңгейіне дейін қалпына келді.
«Кселл» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникациялық операторларының акциялары тиісінше 10,1 % және 8,6 %-ға өсті.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ акциялары жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 10 097,99 теңгеге жетті, бұл өткен жылдың желтоқсанда орналастыру бағасынан 20,1 % жоғары.
Жарты жылды 2,8 % төмендеумен жапқан жалғыз индекстік компания «KEGOC» АҚ болды.