Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Еңбек, әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтып берді.
«Жыл басынан бері 9 айда еліміздің кәсіпорындарында 999 адам зардап шекті, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 5,8%-ға төмен. 134 адам қаза тапты, бұл да өткен жылмен салыстырғанда 4,3%-ға төмен», - деді Төлеген Оспанқұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, жазатайым оқиғалардың негізгі себептері – зардап шеккендердің салғырттығы (34,9%), өндіріс пен жұмыстарды жеткілікті түрде ұйымдастырмау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу, жол қозғалысы ережелерін бұзу.
«Ең көп жарақат алу жағдайлары бұрынғыдай еліміздің өнеркәсіптік өңірлерінде – Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар облысы және Алматы қаласында сақталуда. Зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешені мен құрылыс саласының кәсіпорындарында байқалады», - деді Т. Оспанқұлов.