Бұл туралы ҚР Президентінің Беларусь мемлекетіне жасаған ресми сапары аясында Минскіде өткен кеңейтілген құрамдағы келіссөздердің нәтижесі бойынша Елбасы Н.Назарбаев мәлім етті.
«Беларусь - Қазақстанның экономикалық және саяси маңызды әріптестерінің бірі. Біздің қарым-қатынастарымызды дәстүрлі түрде прагматикалық тәсілдер ерекшелендіреді», - деп атап өтті ҚР Президенті.
Сонымен қатар Елбасы Қазақстан ТМД аясында Беларусьтің ірі сауда-экономикалық әріптестерінің «үштігіне» кіретіндігін атап өтті.
«Ағымдағы жылдың басынан елдеріміз арасындағы тауар айналымының тұрақты өсімі байқалуда. Тек қаңтар-ақпан айларында өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда тауар айналым 80 пайызға өсті», - деді ол.