«Жыл басынан бері жекешелендірілген 23 нысанның бесеуі республикалық жекеменшіктен 1,8 млд теңгеге, он үші коммуналдық жекеменшіктен 984 млн. теңгеге жекешелендірілді. Тағы бес нысан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация басқаруынан 283 млн. теңгеге жекешелендірілді»,-деп хабарлады министр.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 30 желтоқсанында 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жекешелендіру жоспары қабылданған еді. Жоспарға сәйкес, еліміз бойынша 783 ұйым жекешелендіруге өтіп, бәсекелі ортаға өтуі керек.