Жайластырылған баспананың 1 шаршы метрінің орташа бағасы сәуір айында 186 154 теңге (алдыңғы аймен салыстырғанда 0,2%, былтырғы желтоқсанмен салыстырғанда 0,3% өскен), ал абаттандырылмаған үйдің 1 шаршы метрі орта есеппен 115 428 теңге (алдыңғы аймен салыстырғанда 0,4%, былтырғы желтоқсанмен салыстырғанда 0,8% өскен) болды.
Өткен айда Қазақстанда жайластырылған үйдің 1 шаршы метрін жалға алудың орташа бағасы 1341 теңгені (алдыңғы аймен салыстырғанда 0,2%, былтырғы желтоқсанмен салыстырғанда 0,9% өскен) құрады.