«Биылғы жылдың 6 айында кәмелетке толмағандар арасында суицид оқиғалары төмендеді (2013 жылдың 6 айында 131 оқиға). Ағымдағы жылы бұндай 98 оқиға тіркелді. Сонымен қатар суицид жасауға талпынғандар саны азайды, яғни өз-өзіне қол жұмсауға әрекет етудің 255 жағдайы анықталды (319)»,-делінген хабарламада.
Осы орайда Бас прокуратура балалар арасында суицидтің алдын алу шаралары аясында олардың отбасыларындағы психологиялық ахуалды назардан тыс қалдырмау керектігін алға тартуда.
«Ата-ана тарапынан тиісті деңгейде көңіл бөлінбеуі, оның ішінде қиындыққа тап болған балаға назар аударылмаудың салдары, кейбір кездерде кәмелетке толмағандарда суицидтік мінез-құлықтың пайда болуына себеп болып жатады. Осы орайда бірінші кезекте өкілетті органдардың назары ата-аналардың баламен өзара қарым-қатынасын дұрыс құрудағы сауаттылығын арттыру мәселесіне аударылады»,-дейді ведомстводағылар.
Белгілі болғандай, кәмелетке толмағандар арасында суицидтік қадамдардың алдын алу үшін мемлекеттік органдар арнайы шараларды даярлап шығарды. 2012 жылдың сәуірінде 2012-2013 жылдарға арналған суицидттерді ескерту бойынша ведомствоаралық іс-қимыл жоспары қабылданды.