Жыл басынан бері Қазақстанға 196 мың шетелдік келді - ІІМ

әуірдің 24-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстанға 196 мың шетелдік келген. Бұның ішінде 170 мыңға тарта адам ТМД елдерінен болып табылады.

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің көшпелі Үкімет сағатында «Қазақстан Республикасындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтаудың жай-күйі туралы» тақырыпта баяндама жасаған ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, елдегі мигранттардың басым бөлігін Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан азаматтары құрап отыр. Сонымен бірге, Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғандығы үшін 40 мыңға тарта шетел азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың 6-мыңға жуығы ел аумағынан шығарылған.

«Ел аумағынан шығарып жіберу туралы шешімнің орындалмауына қатысты 7 қылмыстық іс қозғалды», деді С. Баймағанбетов.