Жыл басынан бері «Қазақтелекомның» таза пайдасы 20 есеге төмендеді

АСТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат - «Қазақтелеком» АҚ-ның 2013 жылдың қаңтар-маусым айларындағы таза пайдасы 10,6 млрд. теңгені құрады.

Бұл 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 20 есеге аз. Компания баспасөз қызметі хабарлаған алдын ала деректер осындай.

«Қазақтелеком» АҚ қызметтерін сатудан түскен шоғырландырылған табыс 2013 жылдың қаңтар-маусым айларында 91,2 млрд. теңгеге дейін жетті. Бұл 2012 жылдың тиісті кезеңіндегіден 6%-ға көп.