Оның деректеріне қарағанда, қозғалған қылмыстық істердің 326-сы экономикалық контрабанда бойынша, 71-і кедендік алымдар мен салықтарды төлеуден бас тартқаны үшін, 103 іс айналымнан алынып тасталған тауарлар контрабандасына байланысты болып отыр. «Қылмыстық істер бойынша тәркіленген тауарлар мен қаржы сомасы 3,2 миллиард теңгені құрады. Сондай-ақ 478,8 миллион теңгенің тауарлары мен көліктері тәркіленді. Ал кедендік төлемдерден бас тарту әрекеттері бойынша жинақталған сома 4,9 миллиардқа жетті. Мемлекетке келтірілген шығынның 11,1 миллиард теңгесі қайтарылды», деді басқарма бастығының орынбасары.
13:07, 19 Қазан 2010
Жыл басынан бері кеден қызметкерлері 580 қылмыстық іс қозғады
АСТАНА. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Биылғы жылдың 9 айында кеден органдары 580 қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы бүгін Кедендік бақылау органдарының 9 айда атқарған жұмыстарына байланысты журналистермен болған брифингте Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің Контрабандамен күрес басқармасы бастығының орынбасары Мейірхан Мейірманқұлов мәлім етті.