«Жыл басынан бері сыртқы сауда айналымы 7 пайызға төмендеді. Оған Кеден одағы елдерімен арадағы сауда айналымының төмендеуі басты себеп болып отыр. Себебі, қазіргі таңда Ресей Федерациясының экономикалық өсуі төмендеп барады. Тиісінше, Ресейдегі қазақстандық экспорт тауарларының тұтынылуы мен оларға деген сұраныс та азайды. Сондықтан, Қазақстанның Ресейге деген экспорты да сәйкесінше азая бастады. Нақты айтатын болсақ, 2014 жылдың қаңтар-шілде айлары ішінде 21 пайызға төмендеді», - деп атап өтті ол. Төрағаның айтуынша, аталған мерзім аралығында жалпы Кеден одағы елдерімен сауда айналымы 10 млрд. 739 млн. АҚШ долларын құрады. Соның ішінде экспорт 2 млрд. 915 млн. АҚШ доллары болды. «Сондай-ақ, Кеден одағы елдерінен бізге келген импорт көлемі де қаңтар-шілдеде 22,9 пайызға төмендеп, 7 млрд. 824 млн. АҚШ долларын құрады. Оған ең басты себеп болған жылдың басындағы айырбас бағамының түзетілуі», - деп түсіндірді Ә. Смайылов.
17:12, 15 Қыркүйек 2014
Жыл басынан бері Кеден одағы елдерімен сауда айналымы едәуір төмендеді - Статистика агенттігі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері сыртқы сауда айналымы 7 пайызға төмендеді. Оған Кеден одағы елдерімен арадағы сауда айналымының төмендеуі басты себеп болып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінде өткен баспасөз мәслихатында комитет төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.