Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда Кедендік бақылау комитеті сыбайлас жемқорлық мәселесіне жіті көңіл бөліп, онымен күресте жүйелі шаралар қолдануда. Кеденшілер әсіресе жемқорлық әрекеттерінің алдын алу мәселесіне барынша көңіл бөліп отыр. «Осыған қарай қозғалған қылмыстық істердің 56-сын кеден қызметкерлерінің өздері және ішкі қауіпсіздік қызметкерлері өзге орган өкілдерімен бірлескен шаралардың нәтижесінде анықтады. Қозғалған қылмыстық істердің 28-і сотқа жолданды. Осы ретте айта кететін мәселе, «Астана - жаңа қала» кеден бекетінің Бас есепшісі Текебаеваға қатысты «10 миллион теңгенің сеніп тапсырылған мүлкін талан-таражға салды» деген айыппен ішкі қауіпсіздік қызметі қозғаған қылмыстық іс бойынша азаматша айыпты деп табылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды», деді ресми өкіл.
14:20, 19 Қазан 2010
Жыл басынан бері кеден органдарының жауапты қызметкерлеріне қатысты 81 қылмыстық іс қозғалды
азанның 19-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ -Биылғы жыл басынан бері кеден органдарының жауапты қызметкерлеріне қатысты 81 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы бүгін Кедендік бақылау органдарының 9 айда атқарған жұмыстарына байланысты журналистермен болған брифингте Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлім етті.