Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Өтетілеуовтің айтуынша, жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзуға қатысты 27 қылмыстық іс қозғалған. «Ағымдағы жылдың қаңтары мен маусымы аралығында Департамент қызметкерлері дербес іздестіру шаралары нәтижесінде 25 қылмысты анықтады. Сондай-ақ, басқа да қызметтермен бірлесіп жүргізген шаралар шеңберінде іздеуде жүрген 10 қылмыскер ұсталды», - деді Талғат Жүкенұлы. Мәселен, есепті мерзім ішінде ҚР Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1155 шетелдік жауапкершілікке тартылса, әртүрлі құқықбұзушылық жасағаны үшін 1831 шетелдік азаматқа қатысты әкімшілік жаза қолданылған. 6 ай ішінде көлік полициясы қызметкерлері тарапынан жалпы сомасы 10 млн. 908 мың теңге айыппұл салынды.
16:07, 15 Шілде 2014
Жыл басынан бері көлік полицейлері 10 млн. теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаменті көші-қон полициясының қызметкерлері 2014 жылдың 6 айында ҚР көші-қон заңнамасы талаптарының бұзылуын анықтауға және оған жол бермеуге, Департаменттің қызмет көрсету аумағында көші-қон жағдайын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды іс-шаралар атқарды, деп хабарлады құзырлы органның баспасөз қызметі.