«Облыс әкімдігімен және уәкілетті органдарымен бірлесіп қабылданған құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кешенді шаралардың нәтижесінде өңірдегі қылмыс деңгейі 18,1%-ға, яғни 3 704-тен 3 032-ге дейін қысқарды. Облыс прокуратурасының бастамасы бойынша өңірде қайталама қылмыстың саны мен деңгейін төмендетуге бағытталған «Стоп-рецидив» жобасы іске асырылуда. Нәтижесінде рецидивтік қылмыстар 30%-ға (240-тан 170-ке дейін), пробация қызметінің есепке алынатын адамдары 25%-ға (51-ден 38-ге дейін) және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар 15%-ға (13-тен 11-ге дейін) қысқарды», - деп мәлім етті Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар, жыл басынан бері сотталған 206 адам жұмысқа орналастырылып, 452 қостанайлыққа әлеуметтік және өзге де көмек көрсетілген.