Жыл басынан бері локоматив бригадалары соқтығысуды болдырмау үшін 700 рет шұғыл тежегішті іске қосқан

АСТАНА. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - «Локомотив» АҚ-ның ақпараты бойынша жыл басынан бері локоматив бригадалары соқтығысуды болдырмау үшін жеті жүзден аса рет шұғыл тежегішті іске қосқан.

«Тек 61 оқиғада ғана соқтығысудың алды алынды, оның ішінде 35 оқиға адамдарға, 10 оқиға - малға және 16 оқиға - автокөлікпен қақтығысу бойынша болды. Адамдарды соғып кету бойынша 35 оқиғаның 23-і кісі өлімімен, ал қалғандары әртүрлі дәрежедегі жарақат алумен аяқталған», - деп аталып өтіледі баспасөз хабарламасында.

Жол-көлік оқиғаларының кесірінен 4 адам қаза тауып, ал 7 оқиғада темір жолдарға қатты залал келтірілген. Мал жануарларын қағып кету бойынша тіркелген 3 жағдайда да локомативтер бұзылған.