«Ағымдағы жылы жоба құрылысына 52,4 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта бөлінген қаражаттың 24,8 млрд теңгесі игерілді», - делінген ҚазАқпарат тілшінің сауалына берілген елорда әкімдігінің жауабында.
Құзырлы орган атап өткендей, келісімшарт бойынша жобаның жалпы құны 1 888 млн доллар.
Соңғы 12 жыл ішінде бөлінген қаражаттың қайда жұмсалғаны туралы сұраққа әкімдік оның бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне сәйкес, LRT жобасын іске асыру жөніндегі іс-шараларға бағытталғанын хабарлады.
Бұған дейін LRT пойыздарының аялдамасы қай жерлерде орналасатынын жазып едік.
Сондай-ақ, LRT пойыздарын қандай зауыт құрастыратыны белгілі болды.