Жыл басынан бері Маңғыстау облысының сыртқы сауда айналымы 95 млн. 698,7 мың АҚШ долларын құрады
12:50, 23 Қаңтар 2009
АҚТАУ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Ағымдағы 2009 жылдың басынан бері кедендік төлемдер мен салықтар түсімі 1 млрд. 339 млн. 477,5 мың теңгені құрады.
1 млрд. 213 млн. 894,0 теңге болған 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, түсімнің 10,3 пайызға өсуі байқалады. Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті бүгін осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Маңғыстау облысының ортақ сыртқы сауда айналымы (ССА) бүгінгі күнге 95 млн. 698,7 мың АҚШ долларын құрады. Өткен жылдың осы кезеңінде ССА 190 млн. 307,6 мың АҚШ долларын құраған болатын. Яғни облыстың сауда айналымы 49,7 пайызға төмендегені байқалады. Жылдың басынан аймаққа сырттан әкелінген тауар және көлік құралдары 65 млн. 424,5 мың АҚШ доллары сомасында болып, сыртқы сауда айналымының ортақ көлемінде импорттың үлесі 68,4 пайызды құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда импорт 22,7 пайызға кеміген. Осы уақыт аралығында облыстан сыртқа шығарылған өнімнің жалпы сомасы 30 млн. 274,2 мың АҚШ долларын құрады. ССА-ның ортақ көлемінде экспорттың үлесі 31,6 пайыз, өткен жылға қарағанда экспорт 71,1 пайызға төмендеген», - дейді кеден департаментінің ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау бөлімінің бас маманы Мақсат Ақмұратов.