Атап айтқанда жыл басынан бері мұнай мен газ конденсаты былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 пайызға артты. Бұл туралы бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры басқарма төрағасының орынбасары Арман Дунаев мәлім етті.
Оның деректері бойынша, мұнай тасымалы биылғы жылдың басынан бері 7,6 пайызға артса, газ тасымалы 11,9 пайызға өскен.
Ал шикізатты қайта өңдеу көлемі 58,2 пайызға көбейді.
Сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» компаниясының көрсеткіштері бойынша тарифтік тауарлар айналымының өсімі 13,6 пайызды құрап, жүк тасымалы 16,1 пайызға өскен. «Біз «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясы жоспарларының да орындалатынына сенімдіміз. Себебі берилий өндірісі алғашқы жартыжылдықта 90 пайызға орындалса, уран өндірісі 42,5 пайызға артып отыр. Электр энергиясын өндіру көлемі де 6 мың 775 миллиард киловатқа көбейді», деді басқарма төрағасының орынбасары.
Оның деректері бойынша, «Эйр Астана» компаниясымен тасымалданған жолаушылар саны 4,3 пайызға артып, пошта арқылы жүк тасымалы 26,6 пайызға көбейді. «Сондай-ақ индустрияландыру картасына енген жобаларды іске асыру мақсатында Премьер-Министрдің ағымдағы жылғы ақпан айының 13-індегі өкімімен Республикалық басқарушы орталық құрылып, оның аясында 19 ірі жобаны іске асыру қамтамасыз етілуде», деді А.Дунаев.