Өндірісте өлім-жітіммен аяқталған қайғылы оқиғалар салдарынан зардап шеккен адамдар саны 112 болып отыр (2015 жылдың 6 айында - 113 адам).
2011 жылдан бастап мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы қабылдаған кешенді шаралары нәтижесінде өндірістегі қайғылы оқиғалар көрсеткішінің төмендеуі байқалып отыр. Аталған уақыт аралығында жалпы өндірістік жарақат алу көрсеткіші 23,3%-ға төмендеп, 2015 жылы 1 723 адам болды (2011 жылы 2 217 адам).